Вторник, 19.03.2019, 10:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды

Тақырыбы: «Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды».

«Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды» атты сынып сағаты 15.02.2019 жылы өтті. Осындай тақырыппен ДВ-16-9 тобының студенті Амирбекова Жанерке сынып сағатын жүргізді.

Мақсаты: «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту болатын.

Сынып сағатында отбасылық құндылықтар туралы айтылды.  Бұрынғы қыз баланың тәрбиесі мен қазіргі таңдағы тәрбиенің арақашықтығында үлкен айырмашылық бар. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз баланың инабатты болуына, әдепті күлуіне, жүруіне, ашық-шашық киінбеуін қадағалап, дер кезінде шектеу қойып отырған. Бұрындары, яғни, кеңес кезінде қыздардың көпшілігінің жоғары білім алуға шамасы жетпегендігі жайлы да сөз қозғалды.

Қыз дегенде ең алдымен көз алдымызға нәзіктік, инабаттылық, әдемілік елестейді. «Ақылды, ару» деп тек беті жылтыраған, жақсы киінген, ішіп-жесем, қолыма ақша, ұстап бар байлықты иеленсем, мен бәрінен ақылдымын деген адам қателеседі. Кей қыздар өздерінің жағымсыз жақтарын, сөйлеген сөзінен, киім киісінен, жүріс-тұрысынан байқатады. Бұл болашақтарына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да әрдайым қыз деген атаққа лайықты болып жүру керек деп студенттер өз ойларын айтып өтті.

Келесі кезекте, қыз балалар аналарына арнап, өлеңдерін оқыды.

Қорытынды: Ақылды қыз білімге жүгірер.

Жакупова М.Т. 

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (15.03.2019)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: