Среда, 02.12.2020, 21:15
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу үрдісінің негізгі аспектілері»

12.10- 23.10.2020ж.  аралығында НАО «Талап» оқу –тренинг орталығы  Қарағанды  облысы білім беруді  дамытудың оқу –әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің  меңгерушісі, тренер А.А. Кнашинаның жетекшілігімен  «WorldSkills стандарттары  бойынша  аймақтық чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу үрдісінің негізгі аспектілері» тақырыбында онлайн біліктілікті арттыру курсынан өттім.

Курс барысында  білікті маман, тренер А.А. Кнашина  WorldSkills Қазақстан чемпионатының  ережесімен,  мақсатымен, негізгі құндылықтармен жан –жақты таныстырды.   Жарыстың ұйымдастырылуы, құзыреттілік, оның түрлері,  қатысушының жұмыс орны, оларға  қойылатын талаптар, құзыреттілікті басқару командасы, оның құрамы, қызметі, бақылаушылар, аппеляциялық комитет, чемпионаттың техникалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық қағаз, конкурстық тапсырмалар туралы толық  ақпарат алдық. WorldSkillsтің этикалық негіздері мен құндылықтарын сипаттайтын Этика және тәртіп кодексімен таныстым.

Айнұр Ахатовна  әр  модуль материалдарын жете таныстыру мақсатында ақпаратты технологиялар, презентациялар, интербелсенді әдіс –тәсілдерді тиімді қолданды. Меңгерген білім, білік –дағдыларды қалыптастыруда әр модуль бойынша практикалық тапсырмаларды орындап отырдық.  Болашақта  бұл жұмыстардың  өз тәжірибемізге қолдануға  мүмкіндігі мол.

Әлемдік стандарттар негізінде аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру мен  өткізу тәжірибесі  туралы  онлайн түрінде біліктілік курсынан  жоғары деңгейде білім алуға жағдай жасағаны үшін курс жетекшісі тренеріміз  А.А.Кнашинаға алғысымыз шексіз!  

Оқытушы: Жахметова Б.К.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (03.11.2020)
Просмотров: 34 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: