Вторник, 22.01.2019, 02:48
Приветствую Вас Гость | RSS

Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Участие на областном форуме «Үштілді білім беру»: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» .

Мен, Қайырбекова Индира Аманғазықызы желтоқсан айының  19-20 жұлдызында  Қарағанды қаласында «Үштілді білім беру»: ізденіс, мәселелер, даму болашағы тақырыбында өткізілген  облыстық форумға іс-сапармен барып келдім. Облыстық форумға Қарағанды облысынан 5 ТКББ мекеме ұйымдарының: Саран  гуманитарлы- техникалық колледжі, Қарағанды Болашақ колледжі,  Қарағанды гуманитарлы колледжі, Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжі және Жезқазған қаласының колледжі оқытушылары қатысты.

Желтоқсанның 19 күні Қарағанды облысының химия, биология, физика және информатика пәндерінің мектеп мұғалімдері арасында «Көп тілді меңгерген мұғалім» атты сайысы өткізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында көрермен ретінде барып қатыстым.

Желтоқсанның 20 жұлдызында «Үштілді білім беру»: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» атты облыстық форумның пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыста БДОӘО директоры Кожахметова Г.Ш.; ҚРБ және ҒМ үштілді білім берудің кураторы Касымова Ш.Е.; ҚРБ және ҒМ  Алтынсарин атындағы ҰА үштілді білім беру орталығының директоры  Жуманова С.С.; Абдикерова Б.Х.- БДОӘО МД және ОБ бойынша директорының орынбасары  және ТКББ бойынша БДОӘО МД және ОБ бойынша директорының орынбасары  Асакаева Д.С; әдіскер Бугубаева А.Д.;  «ҰСТАЗ» кәсіптік даму орталығының өкілі- Мусатаев Д.Б.  баяндамалар жасады. Оқу-әдістемелік құралдардың көрмесі ұйымдастырылды.

Тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар, шеберлік-сынып, панорамды сабақтар, ТЕDх өткізілді. 2 шеберлік –сыныптарға қатыстым. Сонымен қатар «мектепкедейін-мектеп- колледж» атты дискуссиялық  алаңға қатыстым. Дискуссиялық алаңды ТКББ бөлімінің әдіскері Кнашина А.А. жүргізді. Маңызды сұрақтар талқыланды, қорытынды жасалды. 

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үштілді білім беру»: ізденіс, мәселелер, даму болашағы атты  облыстық форумға белсене қатысып, шығармашылық танытқаны үшін КМҚК            Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледж ұжымы  алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар осы форумға белсене қатысып, шығармашылық танытқаны үшін Кайырбекова И.А. алғыс хатпен марапатталды.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (22.12.2018)
Просмотров: 21 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: