Новости сайта
Главная » Статьи » Мероприятия |
2020 жылдың 14 желтоқсанында ТТ-17-9 тобының студенттері «Жылумен қамтамасыздандырудың қазандық қондырғылары» пәнінен ZOOM бағдарламасының көмегімен онлайн түрде курстық жоба қорғады. 4 курс студенттері курстық жобаны арнайы пәндер оқытушысы И.О.Саржанованың жетекшілігімен 2020 жылдың 03 қыркүйегі мен 11 желтоқсан аралығында берілген тапсырмаға сәйкес орындады. Студенттер өздерінің берілген қазандық қондырғыларын зерттеп, қазандықтарға жылулық есептеулер жүргізіп, олардың сызбаларын А1 форматында сызып, курстық жобаны уақытылы орындап шықты. Курстық жобаны қорғау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Д.Махатова, колледж әдіскері А.К.Хали және арнайы пәндер оқытушысы М.Н.Сагимбекованың қатысуымен өткізілді және қабылданды. Қорғауға барлық 20 студент жіберілді және қорғау нәтижесі бойынша 6 студент – «үздік»; 11 студент – «жақсы»; 3 студент – «қанағаттанарлық» деген бағамен бағаланды. Саржанова И.О. | |
Просмотров: 21 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |