Среда, 13.11.2019, 10:25
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Сыр сандықты ашып қара, сырласым»  байқауы

         23.10.2019ж. қаламызда С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен жалынды жазушы, ақиық ақын, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерей тойына арналған «Сыр сандықты ашып қара, сырласым» байқауы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жастарды қолдау, С.Сейфуллиннің жарқын бейнесін дәріптеу, жастарды Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара мәдениет сарайында өткізілді.

      Аталмыш іс-шараға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің гуманитарлық бөлімінен 1 курс студенті Әбілғазы Әлібек (МО-19-9) және 4 курс студенті Мұғиын Мадина (ИЯ-16-9) қатысты. Сәкенге арнау және әндерін орындау сияқты екі аталымнан тұратын байқауға М.Мұғиын бірінші аталымға қатысып арнауын оқыды. Ә.Әбілғазы екі аталымға қатысып арнауын оқып, ақынның «Көкшетау» әнін шырқады.

Байқау  қорытындысы бойынша біздің колледжден қатысқан екі студент те жүлдегер атанып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерді дайындаған- қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы  Э.И.Қалкенова.

Калкенова Э.И.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (29.10.2019)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: