Вторник, 22.01.2019, 04:04
Приветствую Вас Гость | RSS

Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«ҰСТАЗ – ҮЛГІ, ӨНЕГЕ, ҰЛАҒАТЫМ» ҚОҒАМДАҒЫ ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Дөңгелек үстел тақырыбы: «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Мақсаты: студенттердің өз бетінше танып - білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйренгендігін көрсету, функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдарын анықтау

Міндеттері:

- студенттердің мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жетуге талпынатындықтары туралы түсінік беру;

- студенттердің ерік - күшін дамытуға ықпал ету, өмірмен байланысты жұмыс жүргізуге дағдыландыру

- еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктері: слайдтар, Абайдың қарасөздері, баяндамалар, сыр - сұхбат сұрақтары т. б.

Әдіс - тәсілі: ой - пікір, баяндау, жауап беру, пікірлесу;

Барысы:

Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі» (слайдқа жазу)

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

      І жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

      ІІ жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сіздерде Ұлы Даланың болашағы

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның біріҰстаз. Олай болса «Ұстазұлы есім» атты баяндамасымен Әсет Айымды шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Айым. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.

І жүргізуші : Алдарыңызда «Әлқиса» күйімен «ТРИО Live» тобы, қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Білімді әрі саналы ұрпақтың қалыптасуына себепҰстаз. Ал осы жыл сайын аталып өтілетін ұстаздар күні мерекесі қай уақыттан бері аталып келеді?! Мерекенің тарихына тоқталған «Ұстаздар күнінің тарихы» баяндамасымен ортаға Шугаева Марияны шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Дүниедегі мамандық атаулының төресіұстаздық екенін мойындамау әсте қателік болар. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлімтәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағытбағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстазүлгі, өнеге, ұлағатым» қоғамдағы ұстаз мәртебесі дөңгелек үстел мәселелеріне тоқталу үшін Мағза Берлібек Балтабекұлына сөз береміз.

  1. Неліктен ұлы ғұламалар ұстаз мәртебесін жоғары бағалады?
  2. Қазіргі қоғамдағы ұстаздың рөлі қандай?
  3. Ұстаз неліктен үнемі талпыныс және ізденісте болуы керек?

Монолог «Ұстазға құрмет» Арғынғазы Назерке

  1. Жалпы адам баласында ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
  2. Ұстаз адам баласын қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мәнмағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, бізде мектеп қабырғасында білім берген ұстаздарға, бүгінде арнайы білім беру оқу орнында білім нәрімен сусындатып жүрген, біздіңде болашақ ұстаз атануымызға аянбай еңбет етіп жүрген оқытушыұстаздарымызға қарыздармыз.

І жүргізуші: Болашақ ұстаз бойында қандай қасиеттер болу керектігі жайында жылы лебізді сөздерімен ортаға : Жұмагелді Дәулетбекұлын және Балжан Көшкенбайқызын шақырамыз.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Алдарыңызда Жансая мен Жанеркенің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» қоғамдағы ұстаз мәртебесі атты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Мағза Б.Б 

    

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (17.10.2018)
Просмотров: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: