Новости сайта
Главная » Статьи » Мероприятия |
2020ж.13.11 күні «Алтын сахна» әдеби үйірмесінің ашық отырысында «Шешендік сөздер – рухани құндылық» атты тағылым сағаты болып өтті.
Тағылымды кешті ұйымдастырушылар 4 курс студенттері: Шешендік сөздер дегеніміз не,шешендік өнердің қазақ әдебиетіндегі орны қандай? Ұстазға сұрақ?айдарымен бастады. «Ой қазына» кезеңінде «Таза мінсіз асыл тас, ой түбінде жатады.» Қатысушылар жұмбақтап айтылған шешендік сөздердің мән- мағынасын ашып, түсіндіруі тиіс. ШК-19-9 тобы студенттері «Шешендік сөз-асыл мұра» кластер қорғады. «Өнерге әркімнің –ақ бар таласы» кезеңінде белгілі бір би –шешеннің ел аузында жүрген ұлағатты сөзін жатқа , мәнерлеп айтты. ШК-20-9 тобы «Шешендік сөздер-рухани құндылық» тақырыбында презентация Колледжімізде ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз Абайға арнауларын арнады. Тағылымды кешке қонаққа келген ДВ-20-9 студенттері шешендік өнер туралы өз ойларын ортаға салды. Онлайн түрінде ұйымдастырылған тағылымды кештің үлкен тәлім –тәрбиелік мәні болды. Қатысушылар мен көрермендер үлкен белсенділік танытты. Оқытушы: Жахметова Б.К. | |
Просмотров: 29 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |