Среда, 13.11.2019, 11:02
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Рухани келісім күніне арналған іс-шара

         18.10.2019ж. Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында Рухани келісім күніне орай «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл шараға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің гуманитарлық бөлімінен ШК-19-9 тобының студенттері қатысты.  (Топ жетекшісі - оқытушы  Э.И.Қалкенова). Қаламыздағы ардагерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері,  баспасөз қызметкерлері қатысқан іс-шарада ұлтаралық келісім, татулық, қаламызда осы мәселеге сай өткізілген шаралар айтылды. Қатысқан студенттер сұрақтар қойып, көп мағлұмат алып, ескерткішке фотоға түсті. Іс-шараның танымдық, тәрбиелік маңызы зор болды.

Калкенова Э.И.

 

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (29.10.2019)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: