Среда, 20.01.2021, 12:21
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Өнегелі өмір» атты Ж.Д.Әбдіровпен сұхбат!

2020 жылдың 25 қарашасында №2 Абай атындағы лицейдің музыка пәні мұғалімдері Ж.Е.Еркинова мен Ә.М.Өмірхан Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Д Әбдіровпен ZOOM арқылы «Өнегелі өмір» атты сұхбат өткізді. Сұхбатқа Лицей мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары, №17 және №24 мектептің музыка пәні мұғалімдері, Жұлдыз балабақшасының музыка жетекшісі, мәдениет үйінің вокал үйірмесінің оқушылары, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушысы А.Е.Кажикаримова МО-19-9 тобымен қатысты.

Сұхбатта Жұмагелді Даулетбекұлының өміріндегі қызықты оқиғалары, бала күнгі армандары, қалай білім алғаны, өнер жолына қалай келгені, отбасын, жанындағы жақындарын  қаншалықты бағалайтыны, ұстаздық еңбегімен, шәкірттерімен қаншалықты мақтанатыны жайлы айтылып өтті.

Әділет жүргізуші қызықты сұрақтар қойып сұхбатты одан әрі өрбіте түсті. Оқушылар мен студенттер де қалыспай қызықты сұрақтарын қойып, сұхбаттың шырайын келтірді.

Сұхбат өте жақсы деңгейде өтті. Жастарға жақсы тәрбие, өнеге болатындай, осындай Жұмагелді Дәлетбекұлы сияқты ұстазға қарап бой түзеуге болатындай шырайлы сұхбат болды. Ұйымдастырушы ұстаздарға рахмет!

Кажикаримова А.Е.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (27.11.2020)
Просмотров: 37 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: