26.11.2020ж. Ә. Мусиннің туғанына -112 жыл толуына орай ұйымдастырылған студенттердің ғылыми –тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына «қазіргі қоғамдағы рухани –адамгершілік құндылық» (Абай -175жыл) бағыты бойынша «Бастауыш білім беру» мамандығы, 4-курс студенттері: Бөкен Зәкария Түсіпбайқызы «Бастауыш сынып оқушыларына Абай шығармаларының маңыздылығын дәріптеу» тақырыбында, ал Каргул Нұргүл «Абай мұрасын оқыту арқылы жалпыадамзаттық, рухани – адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында зерттеу жұмысын ұсынды. Конференция қорытындысы бойынша Бөкен Зәкария Түсіпбайқызы жүлделі 1 орынға, Каргул Нұргүл жүлделі 2 орынға ие болып, сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапатталды.
Жахметова Б.К. |