Вторник, 19.03.2019, 10:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Мамандықтың бәрі жақсы.

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты: Мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Студенттердің бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандықтарын сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

  «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сынып сағатымыз 28.09.2018 жылы өткізілді. Сынып сағатын студентіміз Есберген Алмара өткізді. Алдымен мамандық сөзіне анықтама берілді. Әрі қарай жалпы мамандықты қалай түсінеміз сауалына студенттер өз пікірін айтты:

Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол, тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені, бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн.

Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар.

          «Кім болам?»деген сөз бар оған да құлақ сал

           Алуан-алуан сыры бар

           Бейімді ескерде

           Таңдап соның бірін ал.

Студенттер пікірінен кейін мамандыққа жақын келетін өлең шумақтар айтылды. Соның бірі: Әсемпаз болма әрнеге

                                      Өнерпаз болсаң арқалан

                                      Сен де бір кірпіш дүниеге

                                     Тетігін тап та, бар қалан,- деген Абай сөзіның мағынасы зор екендігі айтылды.Солан кейін әңгімелесі,ойын кезеңдері болды. Қорытынды: Мамандықтың жаманы жоқ. Алайда әр нәрсеге икем керек.

Жакупова М.Т.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (23.02.2019)
Просмотров: 20 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: