Новости сайта
Главная » Статьи » Мероприятия |
2019ж. 25 сәуір күні «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырған облыстық латын әліпбиін насихаттаушы спикерлердің қатысуымен «Латын графикасында жазуға дағдыландыру» семинар –тренингіне қатыстым. Семинар –тренингте «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің бас директоры, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы ұлт болашағы үшін ұлттық кодымызды, болмысымызды сақтау бағытында мағлұмат берді. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл –Қазына» ұлттық орталығының маманы Айшат Ғаббасовна жаңа әліпбиді меңгертудегі IT жобалармен таныстырды. «Қазлатын» - KZ –ұлттық порталы, «Тіл құрал» - KZ –ұлттық порталы, «Сөздік қор» -KZ –ұлттық порталы, «Селтең сері» анимациялық фильмі, «Iqdos» анимациялық фильмі туралы мағлұматтар берді. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығының» директоры Мустагулова Гүлназ Сериковна «Жаңа қазақ әліпбиін меңгертудің тиімді жолдарын» түсіндірді. «Жаңа әліпбиді бірге үйренейік» - Resurstil.KZ порталымен таныстырды. Қалкенова Э.И.
| |
Просмотров: 278 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |