Вторник, 19.03.2019, 11:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді

Тақырыбы: «Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді»

Сынып сағатының мақсаты: Студенттердің  еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту,  ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Студенттерді еңбексүйгіштікке, іскерлікке  тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.  

«Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді» атты сынып  сағаты 08.02.2019 жылы ДВ-16-9 тобының студенті Зекен Жазираның ұйымдастыруымен өтті.

Сынып сағатын бастамас бұрын еңбек түсінігіне анықтама берді:

1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.

2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.

3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.

4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ. Сынып сағатының орта кезеңінде студенттерді мақал, нақыл сөздермен Жазира жарыстырды. Студенттер көптеген мақал, нақыл сөздерін айтты:

1.Еңбек түбі – береке.2.Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді. Әрі қарай бейнебаян көрсетілді ол жерде үлкен кісіге, яғни әжесіне көмектескен немересі жайлы көрсетілді.

Қорытынды: «Еленген еңбек өнімді».

Жакупова М.Т. 

 

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (15.03.2019)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: