Воскресенье, 05.04.2020, 19:50
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Диплом алдындағы практика бойынша әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

      21.02.20ж. күні  «Балқаш қаласы Жалпы білім беретін  №8 орта мектепте  Диплом алдындағы практика бойынша  әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ  өткізілді.

   Машықкер:  4 курс студенті  Сакенова Айдана   3 «А» сыныбында  әдебиеттік оқу пәнінен «Қазақтың  бас ақыны» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

       Сабақ мақсаты:  мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; шығармашылық және топта жұмыс істеу құндылықтарын дамыту, Абай туралы білетіндерін тексеру, бекіту, жинақтау, аудио –бейнежазба мазмұны туралы өз ойын білдіру;

      «Майшам» әдісімен сыныпты  шеңберге тұрғызып, сабаққа  жақсы көңіл –күй сыйлады. Шығармаларды бөлу  арқылы 3 топқа бөліп, үй тапсырмасын тексерді. Ұстаз жайлы мақал – мәтелдермен өткен сабақты қорытындылады. «Ассоциация» әдісімен Абай шығармашылығына тоқталды. «Күн –керемет, кемпірқосақ –жақсы, жауын – көмек керк» суреттері арқылы топтарпды бағалады.

«Тыңдалым» бөлімінде «Бала Абай» мәтіні аудиожазбасы  тыңдалып, ақынның балалық шағымен танысты. «Шеңбердегі әңгіме»әдісіне сүйеніп,мәтінді түсініп, тізбектеп,жұппен оқыды. «Қосымша  ақпарат» айдарында М.Әуезов өмірі, шығармашылығымен танысты. Топтық жұмыс, жеке жұмыстарда ақпараттарды іздеп,саралап,  бір –бірімен ой бөлісіп, идеяларын ортаға салды. Сергіту сәтінде «Көзімнің қарасы» әні орындалды. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында сурет бойынша диалог құрастырылды.  Ұлы ақынның 175 жылдығына орай жоба қорғалды. «Еркін сұрақтар» стратегиясы арқылы жаңа сабақты бекітілді. Сабақ соңында «Мұғалім сыйы» ретінде Абай туралы брошюра таратылды. Оқушылар жауаптары «Бағдаршам», «От шашу» әдісімен бағаланды.

Машықкер сабақта тапсырмаларды орындау барысында  оқытудың белсенді әдістерін, ақпаратты құралдарды  тиімді пайдалана отырып, сабағын  өте жоғары деңгейде өткізді.

Жахметова Б.К.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (28.02.2020)
Просмотров: 24 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: