Воскресенье, 05.04.2020, 19:17
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Диплом алдындағы практика бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар

21.02.20ж. күні  «Балқаш қаласы Жалпы білім беретін  №8 орта мектепте Диплом алдындағы практика бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

       Машықкер:  4 курс студенті Нурланбекова Асель   2 «А» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Ұлтымыздың салт – дәстүрін білгенің жөн. Зат есім» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

    Сабақ мақсаты:  аудио –бейнежазба мазмұны туралы өз ойын білдіру; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; сөз таптарын ажырату.

   Ширату жаттығулары арқылы тұсау кесер рәсімін өткізіп, сабаққа  жақсы көңіл –күй сыйлады. «Галлерея» әдісі арқылы салт –дәстүрлердің суреттерін таңдау арқылы  анықтап, түсіндірді.  Салт –дәстүрлер суреттері арқылы 3 топқа бөлінді. «Тәрбие», «Отау құру», «Ислам» топтары сабаққа  белсенді қатысып, ұжымдық, жеке жұмыстарды дұрыс  орындады. Сабақта  әр топ «Кластер», «Сызба», «Суреттер сөйлейді»,  «Әдебиет үйірмесі» , «Ашық микрофон» әдістері  арқылы өтілген тақырыпты  қорытындылады. «Тыңдалым» бойынша оқулықтағы өлеңмен жұмыс жүргізді. Сергіту сәтінде «Тұсаукесер» әнін шырқады. Оқушылар жаупатары «Бағдаршам», «от шашу» әдісімен бағаланды. «Күнделік» әдісі  арқылы сабаққа қорытынды  жасалып, смайликтермен бағаланды.

Машықкер сабақта оқытудың белсенді әдістерін, ақпаратты құралдарды  тиімді пайдалана отырып, сабағын  өте жоғары деңгейде өткізді.

Жахметова Б.К.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (28.02.2020)
Просмотров: 25 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: