Среда, 11.12.2019, 10:54
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Біліктілікті арттыру курсы

Мен, Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушысы Кажикаримова Айгерим Ержановна 04.11.2019 – 09.11.2019 күндер аралығы «Күйшілер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Нұр-сұлтан қаласында «Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсына қатысып, 72 сағаттық сертификат пен «Күйшілер одағының» жаңа мүшесі ретінде арнайы куәлікпен марапатталдым. Курсты Қазақстанның атақты күйші-композиторлары Айтжан Тоқтаған, Жанғали Жүзбай, Айтолқын Тоқтаған, Еділ Басығараев, Жұмабек Қадырқұлов, Ахат Байбосынов, Досым Максутов, Дархан Көжебаев, Бақытжан Дүйсенғазин, Тоғжан Жахин, қазақ музыка өнерін зерттеген музыкатанушылар Раушан Малдыбаева мен Сания Баженеева өткізді. Өз білімімді арттырып келдім. Курсқа Ақтөбе, Нұр-сұлтан, Жезқазған, Балқаш қалаларының күйшілері барып білім алды.

      Кажикаримова А.Е.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (11.11.2019)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: