Вторник, 22.01.2019, 02:50
Приветствую Вас Гость | RSS

Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

Балқаш қаласының колледждері арасында қалалық жолдастық пікір-сайыс ойындары.

Балқаш қаласының колледждері арасында қалалық жолдастық пікір-сайыс ойындары.

Өткізілу түрі: зияткерлік ойын,пікір-алмасу
Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің Балқаш қаласының колледж студенттері арасындағы қалалықпікір сайыс турнирін өткізу

Ережесі

  1. Жалпы ережелері

Облыстық пікірсайыс турнирі ( бұдан әрі – турнир) – студенттік пікірсайыс қозғалысын және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің қолдауымен өтеді.

  1. Турнирдің мақсаттары мен міндеттері:

Балқаш қаласы жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін анықтауға бағытталған студенттерге қолдау көрсету;

Міндеттері:

  • Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
  • Жастардың бойында патриоттық сезімді ояту және оны одан әрі дамыту;
  • Белсенді жастарды қоғамдық қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау;
  • Жастардың мәдени дамуын ынталандыру;
  • Рухани құндылықтарды нығайту.

Турнирдің сеткасы тіркелген фракциялардың арасында ашық түрде жеребе тастау арқылы жасалады. Пікірсайыс турнирдің әділетті өтуіне жасалған қадамдардың бірі. Ойын қысқарттылған формат бойынша өтеді.

  1. Төрешілер алқасы : Төрешілер алқасы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері және қатысушы әр колледжден 2- төрешіден құралатын болады. Төрешілер алқасының шешімі өзгертілмейді, кесімді болып табылады.
  2. Команда екі адамнан құралады (қазақ лигасы)

Төрешілер алқасы

Команда екі адамнан құрылады. Лигалар: қазақ лигалары.

Бірінші орын алған алдыңғы жылдардағы жеңімпаздар пікірсайыс турнирге өатыса алмайды.

АПФ қарарлары:

БП өнер пайда әкелмейді деп санайды.

БП «Серпін» бағдарламасында жаңа бағыттар ұсынады.

БП ерте үйлену дұрыс емес деп есептейді

Бас төреші: Қазақстан Республикасының Президентінің 5-қазандағы жолдауын насихаттау аясындағы «Отан Болашағы» пікір-сайыс клубының ұйымдастыруымен Балқаш қаласының колледждері арасында жолдастық пікір-сайыс ойындарына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойынға қатысушы командалар Балқаш Гуманитарлы-техникалық колледжі, Балқаш Медициналық колледжі, Балқаш Политехникалық колледжі, жалпы үш колледжден 12 команда қатысады.

Бас төреші: Бүгінгі ойын барысына өз ілтипаттарын білдіруге Гиппократ командасының жетекшісі Топаркулова Қымбат және Жұлдыз командасының жетекшісі Болат Елдосты шақырамыз.

Бас төреші: Ізгі ниеттеріңізге көп рахмет! Бүгінгі ойында қай команда бір бірімен кездесетінін анықтау үшін әр командадан премьер-министрлерін шақырамыз:

1.Жұлдыз-1

2.Жұлдыз-2

3.Жұлдыз-3

4.Жұлдыз-4

5.Жұлдыз-5

6.Болашақ дәрігерлер

7.Гиппократ-1

8.Гиппократ-2

9.Сұңқар

10.Отан Болашағы-1

11.Отан Болашағы-2

12.Отан Болашағы-3

Бас төреші:Бірінші ойынның қарары «БП «Серпін» бағдарламасында жаңа бағыт ұсынады». Пікір сайысшыларға сәттілік!

Бас төреші: Екінші ойынның қарары «БП ерте үйлену дұрыс емес деп есептейді».

Бас төреші: Үшінші ойынның қарары «БП өнер пайда әкелмейді деп есептейді»

Бас төреші: Жартылай финалдық ойынның қарары «БП пікір-сайысшылар арасындағы махаббат ақталады деп есептейді»

Бас төреші: Финалдық ойынның қарары «БП тарихты халық емес тұлға жасайды деп есептейді»

  1. Марататтау

Бүгінгі пікір-сайыс ойындарында белсенділік көрсеткен «Жұлдыз» командасының жетекешісі Болат Елдосқа және «Гиппократ» командасының жетекшісі Топаркулова Қымбатқа алғыс білдіреміз

Пікір сайыс ойындарында 1-орын алған «Жұлдыз-2» командасын, 2-орын алған «Жұлдыз-1» командасын, 3-орын алған «Отан Болашағы-2» командасын құттықтаймыз.

Жекелей спикерлік балл бойынща «Үздік спикер» номинациясы бойынша Аман Арай Абайқызын мараппаттаймыз.

Бүгінгі ойынға қатысқан барлық пікір-сайысшыларға алғыс білдіреміз.Жеңісті күндерде кездескенше.Қош сау болыңыздар!!!

Мағза Б.Б.

        

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (17.10.2018)
Просмотров: 65 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: