Суббота, 16.02.2019, 05:00
Приветствую Вас Гость | RSS

Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы»

Тәрбие сағатының тақырыбы:

 

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауы»

 

Күні: 12.10.2018

 

Өткізген: ИЯ-18-9 тобының топ жетекшісі Зекен Қ.Қ.

 

Мақсаты:

 

1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру.

 

2.Жолдауда көтерілген мәселелерді оқушылармен талқылау.

 

 Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, сөзжұмбақ.

 

Сабақ әнұран айтумен басталады.

 

 Ой қозғау:

 

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

 

- Қазақстан.

 

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

 

- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

 

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?

 

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

- 5 қазан күні Ақордада өткен ҚР Президентінің халқына үндеуі?

 

 Жолдауда көтерілген басты мәселелер:

 

·       Ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылсын!

 

·       Мұғалім мәртебесі туралы Заң қабылдансын. Барлық жұмысты мұғалімнің иығына артып қойғансыңдар.

 

·       Баланың 3 ауысымда оқуына жол берілмесін. Ол түн жарымға дейін мектепте отырмауы керек.

 

·       Толып жатқан спорт кешендері қарапайым халықтың игілігіне жұмыс істесін. Олар не үшін салынды? Балаларға тегін болсын. Сауықтыру орталықтары әрбір аулада болсын.

 

·       Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолданылсын.

 

·       Қолда бір инфрақұрылым негізінде Назарбаев Университетіне ұқсас университет құрылсын. Бұл негізі политехникалық жоғарғы оқу орны болады.

 

·       Біздің түлектер неге Ресейге оқуға кетеді? Себебі біздің ЖОО-ға сенім аз, сапа төмен. Біріншіден, жоғарғы білімнің қолжетімді болуы қамтамасыз етілсін.

 

·       Жұмысқа тұруға жол ашпайтын дипломның керегі жоқ.

 

·       Учаскелік медициналық қызметккерге жалақы келер жылдан бастап, 20 процентке ұлғайтылсын.

 

·       Қалаға көшкен жұрттың жағдайын жасау керек. Отбасыларға арналған жатақхана типті пәтерлер салу керек.

 

·       Ипотеканы дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдердің алуына көмек берілсін.

 

·       Халықтың тұтынатын тауарлар шығару керек. Егер үстеріңдегі шетелдік костюмдерді шешіп алса, жалаңаш қаласыңдар. Халықты өз елімізден шыққан киіммен киіндіру керек.

 

·       Полиция қиын кезде адамға көмектесуі керек. Тәртіп сақшысы адам ұрғыш таяққа айналмасын.

 

·       Тек үздік заңгерлер ғана судья болуға лайықты.

 

·       Әлемде сотқа барып, жұрт проблемасын шешеді. Ал бізде Президентке хат жазады.

 

·       2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске "салық амнистиясын" жариялаймын.

 

·       Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» жөніндегі рейтингісі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орынға көтерілді.

 

·       Азық-түлікті шеттен әкелуді доғару керек. Сыртқа шикізат сата бермей, тауар сату керек.

 

·       Алматы облысында етті сүйегіне дейін өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр.

 

·       Халықтың саны осы жылдар ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті.

 

·       Білім, ғылым, медицинаға жалпы ішкі өнімнің 10 проценті жұмсалсын.

 

·       Халықтың дені сау болуы үшін тамақ пен дәрі-дәрмек, су сапалы болуы тиіс.

 

·       Мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті қажеттерін өтеуге көмек берілсін.

 

·       Адамның қолайлы өмір сүруі үшін оның үйі және сол үйі қауіпсіз болу керек. Бізде тек Алматы мен Астанада мұны қадағалаймыз. Өзге қалаларда да осылай болуы тиіс.

 

·       Жиналыста отыру уақыт жағынан 100 тәулікке жеткен. Сонда адамдар қай кезде жұмыс істейді? Адамдарға жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек! Жиналыс, отырысты қысқарту керек!

 

·       2019 жылды "Жастар жылы" деп атауды ұсынамын!

 

 Ән: Елім менің.( тыңдалады),     

 

 Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)

 

 Қорытынды:

 

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

 

«Ойын»

 

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым...» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жыл басынан бергі екінші рет жасаған халыққа жолдауында тағы да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын жақсарту туралы айтты. Өз сөзінде президент қарамағындағы шенеуніктерді сынап, елде "атқарылуы тиіс" шаруаларға қатысты тапсырмалар берді. Жолдауды тың бастама деп қабылдаушылар да, бұрынғыны қайталау деп сын айтушылар да бар. Қазақстан президентінің Ақордада екі сағатқа жуық сөйлеген сөзін жұма күні мемлекеттік телеарналар тікелей эфирде көрсетті

                                                                                                                 Зекен К.К.

 

  

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (15.01.2019)
Просмотров: 18 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: