Вторник, 22.10.2019, 19:33
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

“Ғасырларға жарқырар рухани шамшырақ” тақырыбында ғылыми- танымдық конференциясы

11.09.19 ж . гуманитарлық бөлімде оқытушы Б.К.Жахметованың жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» мамандығының 2, 3, 4 курс  студенттерінің қатысуымен Ұлт Көшбасшысы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” жарқын бастамасы аясында ұйымдастырылған  “Ғасырларға жарқырар рухани шамшырақ” тақырыбында ғылыми- танымдық конференциясы болып өтті.  

Ғылыми –танымдық конференцияның  мақсаты:  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында тарихымызды танытып, рухымызды көтеріп, ұлттық намысымызды оятып,  ұлтының болашағы  үшін күрескен ұлы  тұлғалардың рухына тағзым ету,

- көркем  сөздің інжу маржандарымен сусындатқан  – әдебиетімізді дамыту,

-қазақ зиялылары мен танымал тұлғалардың  өмір жолы мен қызметін, еңбектері мен туындыларын жан –жақты терең зерттеу, ұлттық рух беретін әдеби мұраларын халық арасына насихаттау,

-ел болашағы жастардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды  толыққанды түсініп, өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізуге ықпал ету.

Конференцияға ұсынылған жұмыстар

1.  «Оқушылар бойында рухани құндылықтар қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин рөлі» (ШК-17-9тобының студенті  Каргул Нұргүл )                 

2.  «Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі» (ШК-17-9 тобының студенті Аман Арай)

3.  «Сәкен Сейфулиннің музыкалық мұрасы»  (ШК-18-9тобының студенті Әсет Айым)

4.  «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, һәм мектебі де сондай болмақшы... Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім»,-деген  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық,әдістемелік еңбектері»  ( 4курс студенті Тоқтамыс Гүлзат)

5.  «Қазақтың маңдайына біткен біртуар дара тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері   Сәкен Сейфуллиннің  азаматтық тұлғасы,  ақындығы, жазушылығы, қоғамдық қызметі» (4курс студенті Мадиева Луиза)  

6.  «Жас ұрпаққа рухани – мәдени құндылықтарды насихаттауда  шешендік сөздерді оқыту»    (  4курс студенті Тлеуғазым Жібек )

7.  « ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында жыраулық, ақындық дәстүрді ұстанған  Шортанбай       Қанайұлының әдеби мұрасы»   (  4курс студенті Бөкен Дина)

8.  «Латын әліпбиіне көшу: жаңалыққа ұмтылу, жан дүниені жаңғыру» (  4курс студенті Ахмедиова Айнұр)

“Ғасырларға жарқырар рухани шамшырақ” тақырыбында ұйымдастырылған

ғылыми- танымдық конференцияда жоғары нәтиже көрсеткен студенттер Сертификатпен марапатталды.

Б.К.Жахметова

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (20.09.2019)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: