Воскресенье, 05.04.2020, 18:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақала

19.02.20ж күні Ә.Мусин атындағы БГТК ұжымы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылады. Осы мақалада қарастырылған: «Ұлттық болмыстың үлгісі» , Мемлекет ісінің мүдделесі, «Жаңа қоғамның жанашыры» , «Әлемдік мәдениет­тің тұлғасы» , «Торқалы тойдың тағылы­мы» тарауларында  кемеңгер ойшыл, ұлы ақынның ұлтқа өнеге боларлық ұлы болмысы, Абай сөзінің бүгінгі заман үшін берер тағылымы мен көкейкестілігі туралы тереңнен қозғаған.                  

Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық пайымдар мен толғамдар халықтың болашағы мен кемелденуін, әлемдік деңгейде терезесі тең ел болуын көксеген ұлы мақсаттан туындаған.

Ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған.

Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.

Хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.

«Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»деп, «Толық адам» тұжырымдамасын жасаған ұлы дана кемел келешекке жол көрсетті.

Президентіміздің мақаласында: «Ұлылықтың тойы ұлт алдындағы ұлы міндеттің үдесінен шығудың жолын іздеуге ұмтылдыруы тиіс. Әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз» деген сөзі, осы тойға қандай зерделі көзбен қару керектігін аңғартады. Ал: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» деген ой-тұжырымы Абай шығармашы­лы­ғы мен тұлғасы ұлт идеологиясы­ның дамуындағы негізгі тетіктерінің біріне айналып, сол арқылы оңымыз бен солымызды анық тани алатынымыз деп түсінуіміз керек..

Жахметова Б.К.

 

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (21.02.2020)
Просмотров: 22 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: