Вторник, 25.06.2019, 04:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Абай оқулары» облыстық байқауы

             17.05.2019ж. Қарағанды қаласында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді. Тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілген байқауға 17-29 жас аралығындағы Қарағанды облысының тұрғындары, қызметкерлері, студенттері мен оқушылары қатысты. Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінен ШК-15-9 тобының студенті Бессенова Мөлдір қатысты. Мөлдір байқаудың бірінші кезеңінде Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай берілген тапсырмалар бойынша бір шығармасынан үзінді және екінші кезеңінде Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармасынан үзінді оқыды. Байқауға барлығы 38 адам қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына белсенді қатысқан Бессенова Мөлдірге Алғыс хат берілді. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Э.И. Қалкенова.          

Қалкенова Э.И.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (27.05.2019)
Просмотров: 34 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: