Вторник, 22.10.2019, 20:22
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында поэзия кеші

10.09.19 ж . гуманитарлық бөлімде оқытушы Б.К.Жахметованың жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс  студенттерінің қатысуымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында поэзия кеші болып өтті.

Мақсаты:

  • Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,

Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;

  • «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,

ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;

  • Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау.

Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан Абайдың 175 жылдығына ұйымдастырылған тағылымдық кеште  студенттер ақынның шығармашылығының тың қырларын ашып, жан сырына қаныға түсті.  Жалпыхалықтық сипат алған ұлы ақынның өлеңін оқу эстафетасы туралы бейнероликті тамашалай отырып, игі бастаманы қолдады. Жастарды хәкім Абай мұраларын оқуға, құрметтеуге шақырды.

Б.К.Жахметова

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (20.09.2019)
Просмотров: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: