Понедельник, 30.03.2020, 10:29
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 1
Пользователей: 1
djekichan18

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

№5 мектепте диплом алдындағы практика бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар

      25.02.20ж. күні  «Балқаш қаласы Жалпы білім беретін  №5 мектепте  диплом алдындағы практика бойынша қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.

       Машықкер:  4 курс студенті Алтынбек Ақнұр  4 «Б» сыныбында   қазақ тілі пәнінен «Жіктеу есімдігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

       Сабақ мақсаты:  жіктеу есімдігін септей алу, жазба жұмыстарын қазақ тілі нормаларына сәйкес редакциялау.

      Сынып оқушылары смайликтер   арқылы  бір –біріне   жақсы көңіл –күй сыйлады. Түрлі құстардың  суреттерін таңдау арқылы 4топқа бөлініп, сабаққа  белсенді қатысып, ұжымдық, жеке жұмыстарды дұрыс  орындады. «Блум таксономиясы» бойынша мәтінге талдау жұмыстары жасалды.  Сабақта  «Суретті әңгімеле»,  «Бәрі керісінше» стратегиялары  арқылы өтілген тақырыпты  қорытындылады. «Микрофон» әдісі бойынша септік жалғауларын  еске түсіріп, шығармашылығын дамытты. Сергіту сәтінде  іс –қимыл жаттығуларын жасады. Оқушылар жауаптары «Бағдаршам», «От шашу» әдісімен бағаланды. «Өз жұмысыңды бағала» әдісі  арқылы сабаққа қорытынды  жасалып, смайликтермен бағаланды.

Машықкер сабақта оқытудың белсенді әдістерін, ақпаратты құралдарды  тиімді пайдалана отырып, сабағын  өте жоғары деңгейде өткізді.

Жахметова Б.К.

 

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (28.02.2020)
Просмотров: 17 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: