Суббота, 16.01.2021, 13:49
Приветствую Вас Гость | RSS

Выпускникам
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные новости
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Новости сайта

Главная » Статьи » Мероприятия

2020-2021 оқу жылында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінде ашық сабақтардың өткізілуі

       2020-2021 оқу жылының қашықтықтан оқыту оқу процесіне байланысты колледждің әр пәндік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары жоспар бойынша кезекті өткізетін ашық сабақтарын бастап кетті. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы пән бірлестігінің төрайымы Аралбаева Бибинур Толендиновна «Музыка, музыкалық білім беру әдістемесі» пәні бойынша ШК-18-9 тобында ашық сабағын бастап кетті. Модульдік оқыту технологиясы негізінде «КМ 08 Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету» модулі бойынша «Дыбыс, нота таңбалары, дыбыс биіктігі мен ұзақтықтары» тақырыбында жаңа білімді игеру сабағы өте қарқынды түрде өтті.

       Қарапайым музыка теориясының бастапқы ұғымдарын игеруді және алған білімдерін тәжірибеде қолданатындылығын дәлелдеп, балалармен кері байланыс жүргізу арқылы әдістемелік сабақты өте жақсы деңгейде өткізді. 

       Ашық сабақ өз деңгейінде, әдістемелік тұрғыдан дұрыс, заманауи технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін, АКТ-ны қолдану, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық формасы, жұмыс түрлерінің өзіндік ерекшелігі, білім мазмұнын жаңарту элементтерін қолдану арқылы өтті.     

       Ашық сабаққа колледж әкімшілігі - директордың орынбасарлары Махатова К.Д., Абдиров Ж.Д. және пән әдістемелік бірлестіктің барлық оқытушылары қатысты.

Колледж әдіскері   Хали А.К.

Категория: Мероприятия | Добавил: fgfgf (13.11.2020)
Просмотров: 35 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: