Четверг, 13.12.2018, 10:02
Приветствую Вас Гость | RSS
Форма входа
Поиск по сайту
Полезные ссылки




Полезная информация
Функционирует в рабочее время областной телефон горячей линии по вопросам женского здоровья:
8 7212 46-21-01
Полезная информация
Функционирует в рабочее время областной телефон горячей линии по вопросам женского здоровья:
8 7212 46-21-01
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Балхашский гуманитарно-технический колледж имени Алихана Мусина

Корпустар жайлы


1 оқу корпусы
Балқаш қаласындағы өзіндік қолтаңбасы бар байырғы білім ордаларының бірі – Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің тарихы тереңнен бастау алады. Әр жылдары пайда болған екі колледж бірігіп, бүгінгі күні облысымыдағы іргелі оқу орындарының бірі саналатын Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжін қалыптастырды.
  1941 жылы неміс-фашист басқыншылары кеңестер одағына соғыс жариялап, екінші дүниежүзілік соғыс басталғаны тарихтан белгілі. Мәскеу қаласына қауіп төнгеннен кейін КСРО үкіметі Кольчугин зауытын көшіру туралы шешім қабылдайды. 1941 жылдың 28 қазанында Кольчугин зауытын және онымен қатар, кен-металлургия техникумының директоры Л.П.Орлеанская, оқу бөлімінің меңгерушісі А.Ф.Васильев бірнеше оқытушылар мен техникумның күндізгі бөлімінің 3-4 курс студенттері Балқаш қаласына көшіріледі. Сонымен, 1941 жылдың желтоқсан айында Владимир облысының Кольчугин қаласындағы зауыт пен сол зауытта қызмет ететін мамандарды даярлау үшін кен-металлургия техникумының оқытушылары Балқаш қаласына көшіп келеді. Зауыт салуға тартылған құрылысшылар, монтажшылар мыс зауыты бөліп берген өндірістік ғимараттарда жұмыс істей бастады. Жұмысшылар цехтарда тәулік бойы жұмыс жасады. Сол жылдң қысы өте қатты болғандықтан, қиындықтар одан сайын ауырлай түсті. 40-45Со аяздарға қарамастан жұмыс қарқыны тоқтаған жоқ.
  Әр адам, ұжым, ел, майдан алдындағы жауапкершілігін түсінді. Өйткені, барлығы салынып жатқан зауыттың жұмысы жаумен қайсарлықпен шайқасып жатқандардың қажетіне, майданның қажетіне жұмсалатынын білді.
Алғашқы рет студенттерді 1941 жылдың 30 желтоқсанынан төмендегі  мамандықтар бойынша қабылдау жүзеге асырылды:
   «Кен шығатын кен орындарын пайдалану;
 «Түсті металдарды байыту»;
 «Түсті металдар мен қорытпаларды құю және өндіру»;
 «Түсті металдар мен қорытпаларды қысыммен өңдеу».
Келесідей мамандықтар бойынша 1-2 курсқа 1942 жылдың 5 ақпанымен 12 ақпаны аралығында өндірістен қол үзіп және үзбей оқу бөлімдеріне қосымша қабылдау өткізілді:
  «Түсті металдар металлургиясы»;
 «Түсті металлургия байыту фабрикалары мен металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары»;
 «Тау-кен электромеханикасы».
  1968 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы ашылды.
  1971 жылы – «Геология, барлау, іздеу» мамандығы ашылды.
  1973 жылы – «Автомобильдерді техникалық пайдалану және жөндеу» мамандығы ашылды.
 

2 оқу корпусы

Балқаш қаласындағы өзіндік қолтаңбасы бар байырғы білім ордаларының бірі – Балқаш гуманитарлы - техникалық колледжі.

30 жылдан астам тарихы бар колледжіміз 1975 ж. 22 қазанда ҚР Үкіметінің Жарлығымен педагогикалық училище болып құрылды. Бұл – Республикадағы одақтық маңызы бар, ҚазССР Жоғары Білім Министрлігі бекіткен орта буын педагог кадрлар дайындайтын алғашқы педагогикалық ұжым.

Өзіндік тарихы бар, дәстүрлі қалыптасқан училище  алғашқы педагогикалық қызметін «Дене шынықтыру», «Еңбек және сызу», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Саздық» бөлімдерінде бастады.

1984 жылы заман талабына сай бастауыш сыныптарды оқыту мамандығын даярлайтын бөлім ашылды.

Орта кәсіптік білім беру саласының алғашқы қарлығашы педучилищенің құрылуына, оқу кабинеттерінің жабдықталуына қаланың барлық мектептері қол ұшын берді. Училищені қажетті оқу құралдарымен, жабдықтармен қамтамасыз етуге Халық Ағарту министрлігі қолдау көрсетті.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан білім ордасы педагогикалық училище бір-біріне жақын 3 ғимаратқа орналасты.

ҚазССР Білім беру министрлігінің бұйрығымен қаладағы жаңа оқу орны – педагогикалық училищенің алғашқы директоры болып тағайындалған Бекенов Сәбит Бекенұлы педагогикалық ұжымның қалыптасуына, оқу- әдістемелік, тәрбие жұмыстарының нығаюына мейлінше көңіл бөлді.

Білім берудегі  басты мақсатты жүзеге асыру оқу- тәрбие ісінің орынбасары өз жұмысына шын берілген, педагогикалық ұжымның әр мүшесіне жеке ықыласпен қарай білетін Мая Абрамовна Блехерге жүктелді. Оқу - тәрбие үрдісін жалғастырған аса жоғары мәдениеттілігімен ерекшеленетін білімдар маман - Антонина Ефимовна Кожевникова Жакупова Шолпан БЕКбулатовна. Ал оқу- өндірістік саланы алғаш басқарған - Бабич Надежда Васильевна.

Оқу - тәрбие ісін жоғары дәрежеде ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан бөлім меңгерушілері: мектепке дейінгі бөлім - Таллах М.И., дене шынықтыру бөлімі - Дефисевич Е.И., еңбек және сызу бөлімі- Медведева В.Е., музыка бөлімі - Төлеутаев К.М., мектеп бөлімінің меңгерушісі –Гертер Л.В.

Сол жылдарда өз ісіне байыппен қарайтын мейірімді, шебер ұстаздар: математикадан Ш.К. Канафина, қазақ тілі мен әдебиетінен К.А. Диханбаева, орыс тілінен О.А. Горбанева, физикадан М.А. Сатыбалдин, Н.А. Остапенко, химиядан М.Э. Мейэр, ал музыка мамандығы бойынша өз ісін жетік білетін консерваториялық білімдері бар: Ридингер Э.В., Розадеева Р.Н, Лим П.А, Сидоренко С.Т т.б.  Үнемі ізденіс үстінде жүретін осындай шығармашыл ұстаздар кездескен түрлі қиыншылықтарға мойымай Балқаш педагогикалық училищесі іргетасын қалауда қоян – қолтық еңбек етті.

Сәбит Бекенұлы Бекенов басшылық еткен 23 жыл ішінде оқытушылардың 3 ұрпағы ауысты. 200 педагог Бекенов мектебінен өтті: 31 –і жоғары санатты оқытушылар, 16 –ы Халық Ағарту ісінің үздігі.

Балқаш педагогикалық училищесі 5 мамандық бойынша республика және аймақ көлемінде ауыл және қала мектептері үшін мұғалімдер даярлау қызметімен айналысты.

Училище түлектерінің алды бүгінде қыры мен сыры мол мұғалім мамандығын жан-жақты меңгеріп, білім беру жүйесінің түрлі буындарында, Республиканың жетекші жоғары оқу орындарында: оқытушы, кафедра меңгерушілері болып жемісті еңбек етіп жүр.

     Училищеде өнер мен мәдениетті насихаттауда саздық бөлімде баянистер оркестрі, академиялық хор, үрмелі аспаптар хоры, қазақтың ұлт аспаптар ансамблі құрылды. Училище оқушылары республикалық баянистер, пианистер, вокалистер байқауында туған қаламыздың даңқын шығарды.

Училище тарихында дене шынықтыру бөлімі де айшықты іздерін қалдырды. Жас спортшылар бірнеше дүркін республикалық жарыстарда жеңімпаздар атанды, СССР Халықтары спартакиадасында үлкен табыстарға жетті.

Алғаш рет Балқаш бала бақшаларында мектепке дейінгі біліммен мамандар жұмыс істей бастады. Бүгінде олардың көбі қаламыздың мектепке дейінгі мекемелерін басқарып жүр.